Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушылар халықаралық олимпиададан олжалы қайтты

15:38, 06 қыркүйек 2024 321

''Египеттен жақсы жаңалық! Информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті" деп хабарлайды Alash.kz . Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің парақшасына жазды.

Депутат: "90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 100 пайыздық көрсеткішпен төрт жүлде жеңіп алды — үш күміс және бір қола медаль.

Жеңімпаздарымыздың есімдері:
Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;

Ахмет Иса — Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

Биыл біздің құрама IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) олимпиадаларына қатысып, барлығы 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.

Оқушыларды, мектептер ұжымын, жаттықтырушыларды және ата-аналарды осы тамаша жетістіктермен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?