Ақтөбе облысында қала әкімі үйінде өлі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
46 жастағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің мәйіті үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.