Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқ тиген Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды

17:00, 09 мамыр 2025 422

Желіде қастандық жасалған Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Шымкентке барып, Берденовтен көңіл сұраған. Оның сөзінше, қазір жағдайы жақсы.

Бизнесмен айтып өткендей, Шымкентке сапары кезінде ол Руслан Берденов жатқан ауруханаға арнайы барып, жараланған орынбасардың жағдайын білген. Оның айтуынша, Берденов өзін жақсы сезініп, сауығып келе жатыр.

«Руслан Берденов - мен жеке танитын және әдептілігі үшін құрметтейтін жалғыз саясаткер. Оған жақында қастандық жасалды, бірақ, Аллаға шүкір, ол аман қалды. Қазір оның денсаулығы, көңіл-күйі жақсы. Бәрі жақсы болғанына өте қуаныштымын» деп жазды Марғұлан Сейсембаев. 

 

Руслан Берденовке қастандық 21 сәуірде жасалды. Шенеунік әкімдік ғимаратынан шығып бара жатқанда оған бес рет мылтықтан оқ атылған. Берденов үш оқ жарақатын алып, сол күні оған ота жасалды. Атқан адам бұрынғы әкімнің орынбасары Ернар Жиембай. Ол қамауға алынды.

Бұған дейін кейбір ақпарат көздерінде шабуыл себебі ретінде күдіктінің әйелімен байланысты қызғаныш жайлы нұсқа тараған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар