Қазақстандық бизнесмен қырғызстандық Камчы Көлбаевтың қылмыстық тобына қатысы бар болуы мүмкін, деп жазады Alash.KZ.
Қырғызстанның ҰҚМК Қарағанды облыстық бокс федерациясының президенті Камалутин Халиковқа халықаралық іздеу жариялады. Ол қылмыс әлемінің серкесі, «заңдағы ұры» Камчы Көлбаевтың (Асанбек) ұйымдасқан қылмыстық тобына қаржылай қолдау көрсетті деп айыпталып жатыр.
Қырғыз арнайы қызметінің хабарлауынша, Халиков бұған дейін Қазақстанда ОПГ құру дерегі бойынша жауапқа тартылған. Сондай-ақ, ол қырғыз-қазақ шекарасы арқылы тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдаумен айналысқан.
«К.Асанбектің жүйелі түрде рэкет, қорқытып ақша алу, кәсіпкерлерден заңсыз салық жинау сияқты қылмыстық әрекеттерге қатысқанын, сондай-ақ оның «кісі өлтіру», «адам ұрлау», «қылмыстық қауымдастық ұйымдастыру» баптары бойынша бірнеше рет сотталғанын біле тұра, Камалутин Халиков Қырғызстанда бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін одан қолдау іздеп, байланыс орнатқан», - делінген ҰҚМК мәлімдемесінде.
Халиковқа қатысты сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол қазір іздеуде жүр.
"ОПГ құрған" - қырғыздар қылмыс әлемінің серкесі Камчы Көлбаевтың қазақстандық серіктесіне іздеу жариялады
17:07, 11 қыркүйек 2025
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қартайғанда ақшасыз қалмаудың жолын айтты
17:00, 23 қазан 2026
Бұрын-соңды тіркелмеген қауіпті вирус: Еуропада белгісіз аурудан адам қайтыс болды
12:30, 23 қазан 2026
ТОП 20: 25 қазан – Республика күніне арналған мағыналы құттықтау-тілектер жинағы
11:31, 23 қазан 2026
Алдағы мереке күндері Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары қайда демалуға болады?
21:50, 22 қазан 2026