Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оңтүстік Кореяда тергеушілер президентті тұтқындай алмай қойды

12:42, 03 қаңтар 2025 787

Сеулде Оңтүстік Кореяның тергеушілері парламент отставкаға жіберген президент Юн Сок Ёльді қамауға алу жоспарын жүзеге асырудан бас тартты, деп хабарлайды Alash.KZ Ulysmedia.kz материалына сүйеніп. 

Бұл туралы 3 қаңтарда BBC хабарлады.

- Біздің бағалауымыз бойынша, қамауға алу қарсылықтың күшті болуына байланысты мүмкін емес. Біз оқиға орнындағы командамыз үшін алаңдап отырмыз. Айыпталушының (президенттің) бұл әрекеті өкінішті, — деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросының өкілдері.

3 қаңтарда Оңтүстік Кореяда Жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының (CIO) тергеушілері президент Юн Сок Ёльдің резиденциясына оны қамауға алуға келген. Ол үшін арнайын ордерлері болған.

Оқиға таңертең ерте болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:21-де тергеушілер тобы ел басшысының резиденциясына қарай бет алып, президентті қамауға алып қана қоймай, тінту жүргізуді де жоспарлап отырған. Сағат 08:02-де тергеу басқармасының шамамен 35 өкілі күшейтілген қауіпсіздік шараларына қарамастан, ғимараттың бас қақпаларынан өте алды. Тергеушілерге қолдау көрсету үшін резиденция периметрі бойынша 45 бөлімшеден 2700-ге жуық полиция арнайы жасағы жұмылдырылды.

Бұл уақытта ғимараттың ішінде құқық қорғау органдары мен президентті қорғау қызметі арасында қақтығыстар болып үлгерген. Тергеушілерді тоқтату мақсатында күзет қақпаларды екі автобуспен жауып, резиденцияға кіруді қиындатты. Сондай-ақ ғимарат ішінде жарық өшіріліп тасталған, бұл қарсы шара ретінде қолданылған деп болжанып отыр.

Президент Юн Сок Ёльдің өкілдері бұл әрекеттерді заңсыз деп атап, қамауға алу әрекетін “заңның өрескел бұзылуы” деп бағалады. Олар заң аясында тиісті жауап қайтарылатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль телеүндеу жасап, өткен аптада елде әскери жағдай енгізу дұрыс шешім болғанын мәлімдеп, бүлік жасады деген айыптауларды жоққа шығарды. 

Ұзаққа созылған сөзінде Юн қабылдаған шешімінің мән-жайын түсіндіріп, елді қорғау және мемлекеттік істерді қалпына келтіру мақсатында президенттік өкілеттігін пайдаланып, әскери жағдай енгізгенін айтты. Ол бұл шешімді «терең саяси ойластырылған қадам» деп атады.

Сонымен қатар, президент отставкаға кету туралы талаптарды қабылдамай, соңына дейін күресетінін мәлімдеп, оппозицияны «импичмент арқылы билікті асыра пайдаланып жатыр» деп айыптады.

«Маған импичмент жарияланса да немесе тергеуге алынсам да, мен бұған адал түрде қарсы тұрамын», – деп мәлімдеді ол Yonhap агенттігіне берген сұхбаты

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар