Оңтүстік Корея соты “бүлік жасамақ болды” деп айыпталған президент Юн Сок Елді қамаудан босатты, деп жазады Alash.KZ.
Бұл жөнінде Yonhap агенттігі жазды. Адвокаттар оны қамауда қалдыру туралы шешімді даулаған.
Юн Сок Елдің соты ақпанның соңында басталған. Оған 2024 жылы 3 желтоқсанда әскери жағдай енгізіп, бүлік бастамақ болды деген айып тағылған.
Юн Сок Ел бұған дейін тағылған айыптарды жоққа шығарып, мұны “үкіметтің жұмысын тұралатқан оппозициядан мемлекетті қорғау үшін” жасағанын айтқан.
Ол кінәлі танылса, ұзақ жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.
Оңтүстік Кореяның тарихында қызметте отырған президент алғаш рет тұтқындалып отыр