Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оншақты  күшті жарылыс болды, терезелер дірілдеді». Киев

24 ақпан 2022 147

Orda.kz тілшісіне Киевтегі жағдай туралы хабарланды.

«Қазір таңғы  5:00-ден бастап жақын маңда оншақты күшті жарылыс болды. Біз оның не екенін, қайда екенін  білмейміз.  Бүкіл сол жағалау оянды. Терезелер дірілдеп, көліктердің дабылдары ойнап кетті.  Төтенше жағдай енгізілді» дейді  Киев тұрғыны.

Сонымен қатар ол әуежайлардың жабық екенін жеткізді. Жарылыстар Одесса мен Харьковта да естілген. Жарылыстардың қайдан шыққаны әзірге айтылмағаны мәлім болды.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?