Университеттің 14 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 75-жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.
Университеттің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.
Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. 2008 жылы университетте бірінші рет бакалавриаттағы 2726 пән қамтылатын 60 мамандық үшін қазақ және орыс тілдерінде элективті курстардың каталогтары қалыптастырылды. Бұл студенттердің әр деңгейдегі оқыту аясында оқу пәндерін шын мәнісінде таңдап алуына жағдай тудырады.
ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының негізі – Республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің 50% жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық. Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ҚР Қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс істейді.
Университет білім алушы тұлғаның жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдай жасау үшін бар күш-жігерін салып, студенттік өзін-өзі басқаруға, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге мол мүмкіндіктер тудыруда.
Университетте Қазақстандағы аса ірі ИНТЕРНЕТ желісіне қосылған, 3500 заманауи компьютерден тұратын корпоративтік ақпараттық жүйе құрылған, сондай-ақ компьютер сыныптары мен Интернет залдар жұмыс істейді. Интернет жүйесі барлық оқытушылар мен студенттерді қамтитын, оқу үдерісінің барлық кезеңінде көптеген параметрлерді күнделікті бақылауды қамтамасыз ететін, студенттерді оқуға ынтыландыруға, олардың үлгерімі мен болашақ жұмыс орнында білімін практикалық қолдану қызығушылығына ықпал ететін ірі корпоративтік желі болып табылады.
ҚазҰУ қалашығының барлық аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен қамтылатын болады. Оның кез келген нүктесінде әр студент университет бірлестігінің желісінде жұмыс істеумен қоса, Интернетке тегін қосылу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар тәулік бойы істейтін 300 орындық жаңа Интернет-кафе жұмыс істейді.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – ҚазҰУ қалашығының інжу-маржаны. Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, көркемөнер үйірмелері, «Біз» студенттер театры, КТК командасы жұмыс істейді.
Спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған (ҚазҰУ қалашығының спорт кешені, Студенттердің спорттық клубы, түрлі секциялар, денсаулық топтары). Қызметкерлер мен студенттердің спартакиадасы ұдайы өткізіліп, олардың қалалық жарыстарға қатынасуы қамтамасыз етіледі. Университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.
ҚазҰУ 400-ден астам шетелдік университеттермен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі адамның жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – шетел ЖОО-дағы белгілі ғалым. Осының бәрі де ҚазҰУ студенттері үшін халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады.
Балапандай қанат қаққан әрбір жасты бауырына басып, дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Қазақстандағы ең беделді университеттердің бірі және болашақ ұрпаққа сапалы білім беру үшін тамаша академиялық базаға ие. 1934 жылы негізі қаланған университет отандық ғылым мен техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосып, сонымен бірге мемлекетіміздің дамуында тірек, бағдар бола білді. Университетте мықты білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі бар.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Орталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады. ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсы жабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қала саналады. Университетте 5000-нан астам студентті қабылдай алатын 14 үлкен жатахана орналасқан. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам профессорлар, ғылым докторлары, философия кандидаттары мен докторлары, 100-ден астам ірі академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылыми және оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қызметкерлеріне халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі ұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан. Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан.
Маликова Ш.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к.
Избасова А.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, PhD докторы
Қасымбек Асемай
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс магистранты