Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы трагедия: Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды (ВИДЕО)

10:11, 15 қазан 2026

Атырау қаласында орын алған ауыр қылмыстың салдарынан ата-анасы мен екі бауырынан көз жазған Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі тыныс-тіршілігі белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде Ақбаян Мұқанғалиеваның қатысуымен түсірілген видеолар тарап, қалың көпшіліктің назарын аударды. Марқұмдардың жақынының айтуынша, оның қалыпты өмірге қайта оралып, бейімделуі үшін жан-жақты әрі тұрақты түрде жұмыс істеу қажет.

Бұл жағдайға қатысты әлеуметтік желідегі жазбада: «Бұрын Ақбаян сот орындаушысының көмекшісі болған. Тағдыр тәлкегімен бәрінен айырылған бауырым-ай. Бәріне қайта баулу оңай жұмыс емес», — деп жантебірентерлік пікір білдірілген.

Айта кетейік, арнайы емдеу мекемесінен шыққан Ақбаян Мұқанғалиева көптеген сынақтан кейін өз балаларымен қауышқан болатын. Қазіргі таңда ол туыстарының қарауында болып, ем-дом қабылдауын әрі қарай жалғастырып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар