Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай жеке өмірі туралы тосын мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
«Қазір әлеуметтік желілерде “Олимпиададан кейін тұрмысқа шығамын” деген тренд бар. Мен де солай ойлаймын (күлді). Қазір менің алдымда көп жоспарлар мен мақсаттар тұр. Бірақ, менің ойымша, адам өзінің жан серігін кездестіргенде, ешқандай жоспар маңызды болмай қалады. Қазіргі уақытта менің жігітім жоқ, сондықтан бұл тақырыпта нақты пікір айта алмаймын. Уақыт көрсетер деп ойлаймын», — деп бөлісті Қызайбай YouTube-тағы «Спорт Министрі» арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін қазақ боксшысы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстан боксы тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.