Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимпиада жүлдегері Нұрбек Оралбайға қатысты ел күтпеген хабар тарады

15:01, 15 қазан 2025 162

4 қазанда Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұлттық құраманың ерлер және әйелдер командаларының бапкерлері ортақ шешім қабылдап, Ливерпульде өткен тарихи әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды бұл турнирге қатысудан босатты. Олардың қатарында: Назым Қызайбай (48 кг дейін), Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін), Алуа Балқыбекова (51 кг дейін), Махмұд Сабырхан (55 кг дейін), Виктория Графеева (60 кг дейін), Аида Әбікеева (66 кг дейін), Наталья Богданова (70 кг дейін), Төрехан Сабырхан (70 кг дейін), Елдана Тәліпова (+80 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) бар.

Ал қалған спортшылар, оның ішінде биылғы қыркүйекте өткен әлем чемпионатына қатысқандар да, Семейдегі чемпионатта міндетті түрде шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Солардың арасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да болған.

Алайда бұл жыл Нұрбек үшін сәтсіз өтті. Ол "Странджа кубогында" финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте қарсыласынан жеңілді. Сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінде де финалда ұтылған. Ал Ливерпульдегі Әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысы Жавохир Умматалиевтен айқын есеппен жеңіліп қалды. Нұрбек Оралбай жарақатына байланысты Семейде өтетін чемпионатқа қатыспайды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар