Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлейін деп жатқан науқасты “тіркелмегенсің” деп есігін тарс жауып алады”: Ринат Зайыт өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

16:09, 27 қараша 2025 394

Мәжілістің кезекті отырысында депутат Ринат Зайыт еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінде қордаланған мәселелерді қатаң сынға алды. Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінің уақытында жетпеуі – саланың ең өзекті проблемаларының бірі, деп жазады Alash.KZ.

Депутат дерегінше, еліміздегі жедел жәрдем көліктерінің шамамен 70 пайызы тозған, бұл өз кезегінде шұғыл шақыртуларға жедел жетуге кедергі келтіріп отыр.

«Бұл жағдайды реттеуге министрліктің шынайы ықыласын көріп тұрған жоқпын. Ертең сол ескі көлікпен барған дәрігер кезек күтіп жатқан науқасқа “тіркелмегенсің” деп есікті тарс жапса, халықтың ашуланатыны анық. Оның үстіне, дәрігерлердің өзіне арналған МӘМС жүйесі де жоқ – қорғаймыз деп жүріп, керісінше қиындыққа тіреп қойдық», – деді Ринат Зайыт.

Депутат сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Тимур Сұлтанғазиев мәселені бір сәтте шешу мүмкін еместігін атап өтті. Оның айтуынша, жедел жәрдем көліктерін жаңарту және қызмет сапасын арттыру – жүйелі бюджет жоспарлауын қажет ететін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігіне тікелей байланысты мәселе.

Министрлік өкілі денсаулық сақтау саласын жаңғырту біртіндеп жүзеге асатынын, жедел жәрдем паркін жаңарту бағытында жұмыстар басталып жатқанын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар