Кеше Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтілді. Дегенмен жыл сайын бұл мерекенің мазмұны мен өткізілу деңгейіне қатысты қоғамдық кеңістікте түрлі пікір айтылады, деп жазады Alash.KZ.
Ult.kz-тің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні өз деңгейінде атап өтілмейді деген тұжырыммен Ермұрат Бәпи толықтай келіспейді.
«Менің ойымша, кейін Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан екеуі бірігіп, ұлттық дәрежеде ауқымды түрде аталып өтілетін болады. Полиция не үшін тұрғанын мен білмеймін, бірақ осы мейрам күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуі үшін тапсырма берілді. Ал полицейлер ту ұстап келе жатқандарды тоқтатып, оларды жазаға бұйырып жатыр. Ол санаға сыймайтын масқаралық. Біздің халық не көрмеді? Біздің халық Қаңтарды да, Желтоқсанды да, Жаңаөзенді де көрді. Одан артық қандай үрей болуы мүмкін?», - деді депутат.