Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаев ұлы Тауманмен кездесу үшін қайда барғаны белгілі болды

27 наурыз 2024 819

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қайда жүргені белгілі болды.

Телеграм арналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың бір топ студентпен түскен суреті тарай бастады.

“Чемодан госсекретов” телеграм арнасындағы мәлімет бойынша, экс-президент Абу-Дабиде жүрген көрінеді.

Дереккөздердің мәліметінше, Назарбаев 19 наурыздан бері Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр.

Ол шетелде оқып жүрген ұлымен кездесуге барған.

Yedilov Online Telegram арнасының жазуынша, 

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-дегі ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы оқитын NYU Abu Dabi университетіне барған, - делінген.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев екінші әйелі Әсел Құрманбаевамен мұсылмандық салт бойынша үйленген. Әсел экс-президентке екі ұл сыйлады. 2005 жылы Тауман, 2008 жылы Бәйкен дүниеге келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?