Көптен бері көрінбей кеткен әнші Айдана Меденова сахнаға қайта оралғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Камера сыртында не болып жатқанын білмейсіздер. Толық картинаны көре алмайсыздар. Күйеуім қатты қолдау жасайды. Ол кісімен бәрін бірге шешеміз. Бұл өзгерісті жаңалық ретінде қабылдаған жоқ.
Осы жылдары мен ешқандай әншілерді тыңдаған жоқпын. Жалпы музыкаға қатты жақын болған жоқпын. Демалыс болды. Бұл – менің жолым, бүгін осылай болып тұр. Сондықтан асығыс шешімдер шығарудан аулақ болайық дегім келеді», – деді Айдана Меденова НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.