Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Еуропа Ресей мен Украина арасындағы соғысқа назар аударуы тиіс”: Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

23:11, 19 қаңтар 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропаны Гренландия мәселесіне емес, Украинадағы қақтығысқа назар аударуға шақырды. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Еуропа Ресей мен Украина арасындағы соғысқа назар аударуы тиіс. Өйткені, шынын айтқанда, оның қандай салдарға әкелгенін көріп отырмыз. Еуропаның басты назары осы мәселеде болуы тиіс, Гренландияда емес», - деді Трамп.

Журналистің АҚШ Гренландияны басып алу үшін күш қолдануы мүмкін бе деген сұрағына Дональд Трамп «Бұл жөнінде пікір білдірмеймін» деп жауап берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар