Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жауапты лауазымға тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
“Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Қайрат Тұрсынханұлы жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді”,- делінген хабарламада.