Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Арман-ай… Алла қаласа”: Қарақат Әбілдина көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

11:23, 19 қаңтар 2026

Әнші Қарақат Әбілдина сахнада жүргеніне 25 жыл толғанын атап өтіп, есеп беру кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Арман-ай…

Бірге жүрдік бірталай,

Сол күндерім – жыр талай…”

Қайран жиырма бес

Күні кеше ғана сияқты еді…

Міне, биыл сахнада жүргенімізге де 25 жыл толыпты. Уақыт қалай өткенін байқамай да қалыппыз.

Біздер өнерге бір лек болып, бір кезеңде келдік.

Қай әншілер екенін айтпасамда түсінген боларсыздар. Өнерден ойып тұрып өз орындарын алған әріптес, достардың әр-қайсымен мақтанамын! 

Сол кезден бері талай нәрсе өзгерді. 

Ал сахнаға деген сезім өзгермеді.

Тыңдарманмен арадағы махаббат та сол қалпы…

Биыл әріптестеріміздің біразы сахнадағы 25 жылдықтарын атап өтуді жоспарлаған болар. 

Осы бір белесті алғашқылардың бірі болып “Музарт” тобы бастамақ. Сәттілік тілеймін.

Алла қаласа, алдымыздағы көктемде мен де халқыма есеп беріп, сахнадағы жиырма бесімді атап өтсем деп ойлаймын. Продюсерімнің құлағына алтын сырға @kydyrali_bolman.

Осы жылдар ішінде жарыққа шыққаны бар, шықпағаны бар 100 ден аса ән жазылды. 

Әрқайсысының өз тарихы, өз естелігі бар.

Әрине, бәрін бір кешке сыйғызу мүмкін емес.

Осы орайда сіздердің пікірлеріңізді тыңдағым келеді, сүйікті көрермен.

Концертімде қай әндерімді орындағанымды қалар едіңіздер?

Комментарийге жазыңыздашы. Міндетті түрде ескеретін боламыз”,- деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар