Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу”: Ерлан Қарин Бурабайда өткен құрылтай нәтижесінде қандай заңдар қабылданғанын айтты

12:18, 20 қаңтар 2026

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайдың нәтижесіне тоқталып, 6 заң қабылданғанын атап өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Құрылтайдың төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды. Бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтыды. Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды», - деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар