Балалық шақтың ұмытылмас естеліктерін сыйлаған атақты америкалық режиссер Роджер Аллерс 76 жасында өмірден өтті. Бұл туралы әріптесі Дейв Боссетс хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 
Роджер Аллерс көптеген Disney туындыларын жарыққа шығарған. Оның ішінде, «Арыстан патша», «Су перісі», «Алладин» мультфильмдерне режиссерлік еткен.
«Досымыз Роджер Аллерстың қайтыс болғанын естіп қатты қапаланып отырмын. Өткен аптада ғана ол Мысырда саяхаттап жүрген, хат алмасып едік. Роджер өте талантты суретші, кинорежиссер, Disney анимациясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты», - деп жазды Дейв Боссетс.
Айта кетсек, Роджер Аллерстың 1994 жылы Роберт Минкоффпен бірге «Арыстан патша» мультфильмін түсірді. Туынды тарихтағы ең үлкен табысқа жеткен фильмдердің біріне айналды. Тоғыз жыл бойы ең көп көрермен жинаған фильм ретінде көш бастап тұрды. Екі рет «Оскар» жүлдесін, «Алтын глобус» сыйлығын және «Үздік мюзикл/комедия» номинациясын жеңіп алды.