Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“25 рет пышақтаған… Мәйіті қоқыстан табылды”: Шымкентте әйелді азаптап өлтірген оқушы жайлы сұмдық дерек шықты

10:30, 20 қаңтар 2026

Шымкентте 26 жастағы әйелді азаптап өлтіріп, денесін қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен оқушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстары бұл үкіммен келіспейді. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“26 жастағы Диана Оңғарбайды 25 рет пышақтап өлтірген 10-сынып оқушысы небәрі 7 жыл 6 айға сотталды.

Қайғылы оқиға биыл 21 шілдеде Шымкент қаласында орын алған. 

Диананың мәйіті қоқыстан пакетке оралған күйде табылды. Марқұм он күн бойы іздеуде болған.

Туыстарының айтуынша, Диана үй тазалап, ақша табу үшін жұмысына кеткен. Алайда сол кеткеннен қайта оралмаған.

Тергеу барысында келіншекті жұмысқа шақырған 10-сынып оқушысы оны азаптап өлтіргені анықталды. Тергеу кезінде белгілі болғандай күдікті оқушы ертесі күні марқұмның телефоның сатып жіберген. Ең сорақасы сот жантүршігерлік қылмыс жасаған оқушыны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Алайда марқұмның туыстары бұл үкіммен мүлде келіспейді. Олардың айтуынша, берілген жаза өте жеңіл.

Ал сіз қалай ойлайсыз?

25 рет пышақталған адам өлімі үшін 7,5 жыл - әділ жаза ма?”,- деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар