20 қаңтарда Қызылордада Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Отырысқа Мемлекет басшысы, танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері қатысады деп жоспарланған.
Ал бүгін 19 қаңтар күні Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секцияларының отырысы басталады.
Құрылтай аясында 4 жұмыс секциясының отырысы өтеді:
– «Азаматтық қоғам»;
– «Мәдениет. Өнер. Руханият»;
– «Әлеуметтік-экономикалық даму»;
– «Білім және ғылым».