Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Назарбаевтың саясаты - қазақты құрту" - жазушы Мұхтар Мағауиннің жарияланғанбаған сұхбаты

11:30, 03 ақпан 2025 340

Кеше Мұхтар Мағауиннің туған күні болды. Тірі болса, 85 жасқа толар еді. Alash.KZ сайты ұлы қаламгердің туған күні қарсаңында журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбаты жарияланды. 

Мағауин сұхбатында әдебиетке ғана емес, саясатқа қатысты да біраз әңгіме өрбіткен. Назарбаев туралы сұхбат барысында былай дейді:

"Сексен жастан кейін саясат жөнінде айтпаймын деген өзімнің іштей байламым болды. Бірақ айтпау мүмкін емес. Назарбаев дүрілдеп тұрған кезінде талай нәрсені айттық. "Ел ерсіз, жер жетім" деп жазғам. "Назарбаев бастаған қазақ үкіметінің саясаты - қазақты құрту" деп жазғам. Бір жағдай - рухани жағынан қазақты жаныштау болды. Содан кейін есікті ашып қойды. Есікті ашып қойсаң, ит те, құс та, ұры қары, бұзық адамдар да кіреді. Сөйтіп барып толып жатқан діндер пайда болды. Не керек отыз жыл далаға кетті. Ең бастысы қазақ жағаласып отырып көбейді" дейді жазушы.   

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар