Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев "Транстелекомдағы" үлесінен қалай қол үзді?

11:34, 14 ақпан 2025 1098

Нұрәлі Әлиев "Транстелекомдағы" үлесін сатудан бұрын қомақты дивиденд алып үлгерген. Қаңтар айының соңында акционерлер 2023 жылғы таза пайданың 6 млрд теңгесін дивидендке бағыттауды мақұлдаған. Бұл соманың 4,5 млрд теңгесі 31 қаңтарда төленген.

Ол тұста Әлиев пен оның серіктесі Дмитрий Пәкупателевке тиесілі Unit Telecom компаниясы "Транстелекомның" 75 пайызын иеленіп отырған еді, деп жазады Alash.kz.

Егер осы 75 пайыз шамамен тең бөліске түсті деп топшыласақ, онда 4,5 млрд теңгенің жартысы (2,25 млрд теңге) Әлиевтің есеп-шотына аударылған.

Күні кеше ғана Назарбаевтың жиені "Транстелекомдағы" үлесін толық сатқанын мәлімдеген. Әлиевтің кетуімен компанияның директорлар кеңесі жаңарып, құрамға Jusan Mobile өкілдері енді. Ұйымның түпкі бенефициары – кәсіпкер Ғалымжан Есенов. 

Әшкере телеграм арнасының жазуынша, Әлиевтің қазіргі тұрғылықты мекені Араб Әмірліктері деп тұспалдаймыз. Астана әкімінің зам-ы болған тұста (2014-2016 ж) Нұрәлі шетелдік инвестицияға жауап берген. Сол жылдары Әбу-Даби шейхі Әл-Нақаянмен жиі жүздескен Әлиев өзінің Capital Holding компаниясы арқылы Емираттағы жылжымайтын мүлікке инвестицияны үйіп-төкті деуге негіз бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар