Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевты құлатып, басы бәлеге қалды

08:58, 28 қаңтар 2022 289

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан жігітке қатысты іс қозғалып жатыр. Көппен бірге оқиғаға қатысқан жігіт ауруханаға ауыр халде жеткізілген.




Алматы облысындағы наразылық кезінде ескерткішті құлатқан жігіт істі болды, деп хабарлайды alash.press






Қаңтар айының басында еліміз бойынша халықтың жаппай наразылығы басталған уақытта Алматы облысында Нұрсұлтан Назарбаевқа орнатылған ескерткішті көпшілік құлатып тастаған еді. Оқиғаға қатысушылар ауыр жүк көлігімен ескерткішті тартып, соңынан екіге бөліп тастаған. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, кеңінен талқылға түсті. Алайда оған қатысты жергілікті атқарушы билік тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.




Қаралы оқиғадан кейін арада үш апта өткенде Алматы облысында қоғам белсендісі Ержан Терлікбаев қазір жастарға іс қозғалып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ескерткішті құлатқан жігітке қатысты іс басталып кеткен.




"Қаңтар айында болған оқиға бойынша белсенді ауыл жастарын қудалап, ұрып-соғып, қатты әбіргерге салып жатыр. Қазіргі уақытта 17 баланы полиция ұстап әкетті. Олар әлі сонда жатыр. Қашып жүргендері де бар. Шаш ал десе бас алатындар ауылдың берекесін алып біті. Сол 17 адамның ішінде қатты соққыдан ауруханаға түскендер бар. Қапал ауылында Батырбай Қилыбаев деген азаматтың ұлы Азамат бұрынғы Тұңғыш Президент Назарбаевтың ескерткішін құлатқан кезде жүк көлігін жүргізген. Полиция қатты ұрғаннан қазір оның бір бүйрегі істемей қалған. Азаматтың қазіргі жағдайы өте ауыр, ауруханада жатыр. Әкесін карантин деген сылтаумен баласын көруге кіргізбей отыр", — деді Ержан Терлікбаев.




Ол Азамат Қилыбаевпен қатар Қызылағаш ауылының да көптеген жастары қамауда жатқанын жеткізді.




"Облыста ұсталған, ауруханаға түскен баласын көре алмай отырғандар көп. Оқиға кезінде Қапалдың бір баласы оқ тиіп, ауруханаға түсті. Бұл жігіттердің әрқайсысы бір-бір үйдің асыраушылары. Қазір оларды отбасылары күтіп отыр, малдары қараусыз тұр. Қаңтардың басындағы қаралы оқиғаның зардабын халық көріп отыр", — дейді Ержан Терлікбаев.




Қаңтар айының басында халық наразылығынан кейін 819 қылмыстық іс қозғалған.  Сонымен бірге, Талдықорған қаласында бір отбасы мүшелерін комендаттық сағат кезінде көлікте атып тастағаны туралы да хабарланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар