Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нәпақасын таңқурайдан терген Англиядағы қазақтар

09:35, 22 қаңтар 2024 307
Мираж Ойшиева – көпбалалы ана. Жамбыл облысы  Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Тараздағы халықаралық экономикалық қазақ-түрік колледжінде білім алады. Содан кейін Қ.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетін халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Одан кейін Тараз мемлекеттік университетінде заңгер мамандығын алып шықты. Елде осы екі мамандығы бойынша еңбек етті. Ағылшын, түрік тілінен сабақ беріп, заңгер, несие бойынша кеңесші болып жұмыс істеп жүрген ол Англияға баруға аяқастынан шешім қабылдапты.
«Бірге жұмыс істейтін әріптесім «Сайтты ағылшын тілінде толтыруға көмектесіп жіберші» деп өтініш білдірді. Соған көмектесіп отырып, ойламаған жерден өзім де кетіп қалдым. 2022 жылдың желтоқсанынан өтініш бердім. Өтінішім қабылданып, 2023 жылы 1 мамырдан виза алдым. Виза мерзімі 1 қарашаға дейін алты айлық болатын. Бірақ 12 айлық болып есептеледі. Алты ай ғана сол жерде болу керек. Сонда 1 мамырда барсақ, одан кейін келесі жылдың 1 мамырында бара аламыз. Оған дейін виза алмаймыз. Біздің маусымдық жұмысқа арналған виза Tier5 деп аталады. Негізі біздің агенттіктің өзі виза толтыруға көмектесті. Барлығы тегін болды. Шығынға келсек, билет, консулдық алымға төледік. Ал жұмысқа тұру, агенттіктің қызметі тегін болды», – дейді Мираж Ойшиева Айқын газетіне берген сұхбатында.

Осылайша, кейіпкеріміз төрт баласын анасына қалдырып, Англияға аттанады. Кішкентайы небәрі екі жаста болатын. Сөйтіп, ол жақта құлпынай мен таңқурай өсіретін жылыжайға жұмыс істеуге барады. Негізгі жұмыс – құлпынайды жапырағынан ажыратып отыру. Кейіпкеріміз айына 1,5 миллионға жуық табыс тапқанын айтады. Мираж Ойшиеваның өзі шет тілін білетіндіктен аудармашы да болған арасында. Ал жалпы, өзімен бірге барған отандастарымыздың  көбі жоғары білім алып, магистратура бітірген, тіл білетін жастар. Шетелдіктер осыған қызыға қараған.
«Бізбен бірге барған отандастарымыздың саны 8  мыңға жуық болды. Барлығының мойнында несиесі бар, үлкені, кішісі болсын. Бір жас отбасыны білемін. Жасы 25-те. Олар үй алу үшін барды. Екеуі ақшасын жинап, Астанадан үй сатып алды. Ондай да жағдай бар», – дейді Мираж Ойшиева.

Кейіпкеріміз Англияда тек жұмыс істеп қана қоймай, PR-менеджер мамандағы білім алып келген. Енді Англия, АҚШ, Еуропаға оқуға түсуге ниет білдірген жандарға көмектесуді жоспарлап отыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар