Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мырзахан баламыз сүйгенімен қосылды»: «Жігіттер» тобының продюсері мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:34, 28 қазан 2026

«Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов шаңырақ көтеріп, екінші рет отбасын құрған топ мүшесі, танымал әнші Мырзахан Махановқа бақыт тілеп, желіде арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі Ұлжалғас есімді арумен бас қосып, дүркіретіп беташар тойын өткізді. Топтың продюсері бұл қуанышты сәтте жас жұбайларға ақ тілегін жаудырып, былай деп жазды:

«Мырзахан баламыз сүйгенімен қосылып, баянды да бақытты ғұмыр кешсін! Екі жастың махаббаты мәңгілік болып, бір-біріне деген сезімдері күннен-күнге арта берсін. Қол ұстасып, өмірдің бар қызығы мен қуанышын бірге көріп, шаңырақтары шаттыққа, жүректері махаббатқа толсын! Алла қос ғашықтың жолын ашып, ниеттеріне жеткізсін! Әумин!».

Айта кетейік, әнші Мырзахан Махановтың бұл екінші некесі. Қазіргі таңда әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалықты қызу талқылап жатыр. Оның алғашқы отбасының неліктен ажырасып кеткені туралы Ерғали Әбдірайымов 2023 жылы El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі «Базарlike» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берген болатын. Продюсер бұған дейінгі жағдайды төмендегідей төл сөзімен түсіндірді:

«Мырзахан үйленіп жатыр деп алты алашқа той жасадық. Екеуі 5-6 жылдай тұрды. Араларында сәби болмады. Ажырасуының бірінші себебі сол деп ойлаймын. “Алланың сынағы ғой” деп барынша сабырға шақыруға тырыстық. Мырзахан жақтан құдаларымыз да жақсы еді. Араласып жүрдік. Жастар ажырасып кетсе де, менің ойымша, аралары суыған жоқ. Мырзаханның өзі 35 жасқа келді. “Үйлен, болмаса келінмен бірге тұр” деп әлі де ақылымды айтамын. Бірақ бәрі уақыттың еншісінде».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар