Мұғалім Тұрар Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа видеоүндеу жолдады. Бұл туралы ALASH.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс жасағым келеді. Мектепте істейтін педагогтерді 55 жастан зейнетке шығару мәселесін қарастырсаңыздар. Негізі барлық педлагог мұғалімдерді 55 жаста зейнетке шығарған дұрыс деп ойлаймын”, – деді ол.
Көпшілігі мұғалімдердің еңбек жүктемесінің ауыр екенін айтып, ұсынысты орынды деп бағалаған.
“58жастан кейін сабақ өту қиын екен. Жас кездегідей жалындап сабақ өте алмайды. Сүйретіліп талай әріптестер зорға жүр”, “44 жыл стажбен,модератор 61 жаста шығып бара жатырмын. Әділетсіздік”, “Әсіресе тәрбиешілер де, Себебі: 63 жаста бала қарай ала ма? Бала мен бала болып секіріп энергиясы тола болу керек”, “55 -жас өте дұрыс 60-жасқа дейін алжып өлетін шығармыз”, “58 жасты қолдамай отырғанда 55-ті қалай қолдайды?, “63 жаста тісі түсіп, шашы ағарып, қолы қалтыраған адам балаға қалай сабақ береді?" деп жазды жұртшылық.