Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерді құттықтап, олардың мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Мемлекет басшысы ұстаздарға әрдайым ерекше құрмет көрсетілетінін атап өтіп, соңғы жылдары олардың жалақысы екі есе өскенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласына бөлінетін қаржы көлемі үш есеге артқанын айтты.
"Біз педагогтердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шараларды қолға алдық", – дейді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Президент балаларға сапалы білім беру ісіне кеңінен көңіл бөлінгенін айтты. Оның айтуынша, елімізде 1200 жаңа мектеп ашылып, "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында заманауи талаптарға сай 150 білім ошағы салынған.