Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мопед мінген жас жігіт жолаушыны қағып, екеуі де көз жұмды

19:58, 30 маусым 2024 562

Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргінші әйелді қағып кетіп, екеуі де көз жұмды. Қайғылы оқиға Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында орын алды, деп хабарлайды Alash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, бүгін сағат 02:50-де Алматының Наурызбай ауданында жол-көлік оқиғасы болған.

"Мопед жүргізушісі 2002 жылы туған Қазақстан азаматы. Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екеуі де: мопед жүргізушісі мен жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар