Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министрлік мәлімдеме жасады. Атырауда өзіне қол жұмсамақ болған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

14:49, 12 қаңтар 2025 209

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атыраудағы Салық Зиманов атындағы №37 мектеп мұғалімінің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы “Ақ жайық” басылымы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Орын алған жағдайға байланысты Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының, білім бөлімінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. 

“Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәселені өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта жағдайды жан-жақты зерделеу, тексеру жұмыстары басталды. Министрліктің аумақтық департаментімен кезектен тыс педагогикалық этика жөніндегі облыстық кеңес өткізілді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады”,- делінген хабарламада.

Мұғалімнің қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда, оған барлық қажетті психологиялық көмек көрсетіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жергілікті жерлердегі аумақтық департаменттеріне немесе Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 телефон нөмірі арқылы хабарласу сұралады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар