Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министрлер ірі компаниялардағы жалақылар туралы есеп берді

17:22, 15 ақпан 2022 270

Қазақстандағы наразылық жағдайында ірі компаниялардағы жалақы мәселесіне қатысты есеп берілді. Бұл туралы үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді

«Өндіріс қызметкерлерінің жалақысын арттыру шаралары қабылданды: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап

  • «ҚазМұнайГаз» – 10%-ға,
  • QazaqGaz – 24%-ға,
  • ҚТЖ – 20%-дан 35%-ға,
  • «Самұрық-Энерго» – 10%-дан 32%-ға,
  • Қазатомөнеркәсіп – 10%-дан 20%-ға дейін.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап

  • «Қазпошта» – 7%-дан 25%-ға,
  • «Эйр Астана» – 14%-дан 58%-ға,
  • KEGOC – 15%-ға,
  • Қазақтелеком – 9%-дан 50%-ға дейін көтеріледі» деді Сарбасов үкімет отырысында.

Ол басшы әкімшілік-өндірістік персоналдың еңбекақысы деңгейіндегі айырмашылықты барынша азайтуға баса назар аударылды деп сендірді.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар