Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мінез қайда?": Белгілі бокс бапкері Олимпиадаға барған спортшыларды қатаң сынады

17:12, 04 тамыз 2024
Танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев әлеуметтік желіде бокстан ұлттық құрама мүшелерін қатаң сынап, ағалық ақылын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Ulysmedia.kz-ке cілтеме жасап.
 

Мұхит Амантаев ұлттық құрама команданың боксшыларының Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектеріне көңілі толмайтынын айтып, ашуланды. 

Тіпті “Созылып, лағып жүрсіңдер, жігіттер” деп қатаң сынға алды.

“Сосын жүресіңдер, “қойшы ақылшы бола бермей” деп. Ақылшы болу бөлек нәрсе. Бірақ мен осы салада өстім, осы саланы білетіндіктен аға ретінде айтып отырмын. Мінез қайда? Бірінші раундтан бастап ұру, үсті-үстіне төпелеу қайда? Сонда ғана төрешілер мынау күшті екен, жеңіске деген құштарлығы бар екен дейді. Үш раунд біткен соң лотерея күткендей “жеңісті кімге береді екен” деп тұрмау керек. Өзіңнің жеңісіңе сенімді тұруың керек”, - дейді бұрынғы боксшы, бүгінде бапкерлік жолда жүрген Мұхит Амантаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар