Желіде мұғалімнің қызы ата-аналарға үндеу жасады. Оның айтуынша, бастауыш сыныпқа жетекшілік ететін 56 жастағы анасына оқушысының анасы 20 минут бойы айғайлап, түрлі сөздер айтқан. Салдарынан ұстаздың қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған, деп жазады Alash.KZ.
Ол биыл анасының бастауыш сыныпқа жетекші болуына қарсы болған екен. Десе де анасын ата-аналардың өзі өтініш айтып, көндірген көрінеді. Ал енді сол ата-аналардың бірі келіп ұстазға ауыр сөздер айтқан. Министрлікке жүгініп, үстінен шағым түсіретінін жеткізген.
Анасы ата-анаға "Сізге сынып немесе менің сабақ бергенім ұнамаса, балаңызды басқа сыныпқа ауыстырыңыз” деп ұсыныс жасаған. Ал әйел “Жоқ, ол осы сыныпта оқиды, мен сізді жұмыстан шығартуға тырысамын” деп жауап берге" екен.
Видео авторы оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында өзара сыйластық болғанын құптайтынын жазды.