Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен Қазақстанға әйел алуға келдім...": Астанаға Телеграм негізін қалаушы Павел Дуров келді

12:01, 02 қазан 2025 240

Ол Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумына қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі, деп жазады Alash.KZ.

Кәсіпкер отбасылық құндылықтар туралы әзіл айтып, Қазақстанды үміт пен шабыт беретін ел ретінде сипаттады.

"Мен Қазақстанға әйел алуға келдім дейтін табысты әрі алдыңғы қатарлы адамдарды көп білем. Өкінішке қарай, мен ондай мақсатпен келген жоқпын. Мен жасанды интеллект туралы сөйлесуге келдім", – деп әзілдеп бастады Дуров.

Дуровтың сөзінше, Қазақстан білім, отбасылық құндылықтар мен технологиялық дамудың үйлесімімен ерекшеленеді. 

«Жасанды интеллект көптеген сын-қатерлер тудырады. Бірақ соларды шешуге де көмектесе алады. Бұл — молшылық дәуірі. Біз процеске еңбек, инвестиция және терең оймен қарауымыз керек», – деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар