Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен ешқандай ақылы қызмет, делдалдық жасаған жоқпын»: Дәулет Мұқаев курс дауына нүкте қойды (ВИДЕО)

10:29, 01 шілде 2026

Дәулет Мұқаев өзі өткізген курсындағы декрет дауына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Елімізде жүздеген әйел заңсыз жолмен миллиондық декреттік төлем рәсімдегені үшін қылмыстық жауапқа тартылуда. Бұған дейін осындай бағытта арнайы курстар сатқан депутат Дәулет Мұқаев бұл мәселеге қатысты өз уәжін айтты. Депутат өз сөзінде халыққа тек құрал (пышақ) бергенін, ал оны қалай қолдануды әркім өзі шешетінін алға тартты.

Мен ешқандай ақылы қызмет, болмаса, делдалдық қызмет жасаған жоқпын. Бұл жерде мен тек бағыт-бағдар көрсеттім. Ол - бар ақпарат. Мысалы, химияның формуласы болсын, физиканың формуласы болсын, интернеттен табасыз. Дұрыс па? Кітаптан аласыз да, оны ұстаз ретінде оқушыға түсіндіреді. Тура сол секілді. Бұл жерде декретке миллионмен бағдарламасы аясында мемлекеттің ресми түрдегі EGov сайтында тұрған дүниелерді халыққа қарапайым тілмен түсіндіру. Ал, енді оны кім қай бағытқа бұратыны, кім қалай алып кететіні, ол - өзінің жауапкершілігіндегі дүние. Себебі, мен айтқан осы уақытқа дейінгі сабақтарда айтылған. «Егер, сіз өтірік ИП, дара кәсіпкерлік ашатын болсаңыз, заң алдында жауап бересіз! Осындай әрекеттерге бармаңыз» деп, сабақтарымдс бірнеше рет айтылған еді. Сабаққа қатысқан адам, әлеуметтік желіде мені «Иә, солай айтылған» деп ақтап алып жатады. Сабаққа қатыспаған адам, әрі қарай хейт қуалап, оны мен үйреткендей, мен «сол заңсыздыққа барыңдар» дегендей әрекет етіп жатады. Бұл жерде қолыңызға пышақ беретін болса, сіз оны қалай пайдаланасыз? Пышақпен тамақ кесесіз бе? Әлде адам өлтіресіз бе? Өзіңіз білесіз…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар