Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекетке қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатыр?

15:46, 05 наурыз 2024 336
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанға қайтарылған активтердің қайда жұмсалып жатқанын айтты.

Мен активтерді қайтару комиссиясына енді мүше болып жатырмын. Сондықтан қазір толық ақпарат жоқ, — деді Нұрлан Байбазаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновтың айтуынша,активтерді қайтару бойынша қаржы министрлігінің жанынан жеке қор құрылды.

Бүгінде 1 триллион теңгеге жуық қаражат қайтарлды. Ол жерде тек ақшалай емес, активтер де бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан келген қаржыны еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешуге жіберетін боламыз. Бүгінгі күнге біз бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде мектеп салуға шамамен 200-300 миллиард теңге жіберілді, - деді министрдің орынбасары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар