Мемлекет басшысы қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады, - делінген хабарламада.
2022 жылы Тоқаевтың демалысы тамыз айында болған. Ал 2021 жылы Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында төрт күн демалды.