Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет басшысы Астанада жоспарланған халықаралық форумның өтпейтінін хабарлады

16:03, 13 сәуір 2024 385
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусымға жоспарланған Астанадағы халықаралық форумды өткізбеуді жөн деп тапты,деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

13 сәуірде Ақорда жариялаған ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

"Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді", - деп жазылған ресми ақпаратта.

Бір айта кетерлігі, Астана халықаралық форумы ендігі өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар