Мәсімовтің күйеу баласы Ресей федералдық жүк тасымалдау компаниясы басшылығының тізімінен жоғалып кетті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Ordа.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің үлкен қызының күйеуі Азамат Қапенов Ресей мен Қазақстанда жүк тасымалымен айналысатын ФГК басшылығының тізімінен жоғалып кетті.
Бұған дейін іздеуде жүрген «Бипек-авто» компаниясының бұрынғы басшысы Анатолий Балушкин ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Қапенов Балушкин мен Мәсімов арасындағы келіссөзге қатысқанын айтқан. Мәсімовтің туыстары Балушкин бизнесінің жарты акциясын тартып алмақ болған деген болжам бар.
2018 жылы Қапенов Мәскеудегі Серебряный Бордан құны 1 млрд рубльге жуық зәулім үй алды.
Ordа.kz түсініктеме алу үшін ФГК басшылығына хабарласты. Бірақ әлі ресми жауап алған жоқ.