Мақпал Жүнісованың өз инстаграм парақшасына жариялаған постында, үйі көптен бері жөндеу көрмегенін баяндады.
«Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Жөндеу аяқталғанша ұйқы жоқ», - деді Жүнісова.