Жеңіс Қасымбек ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясының кезектен тыс конференциясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ұйымның президенті болып сайланды», – делінген федерация таратқан ресми хабарламада.
Бұл шешім қазақстандық үстел теннисінің белсенді даму кезеңінде және Астанада өтетін маңызды халықаралық спорттық оқиғалардың бірі – ITTF World Table Tennis Championships Finals 2027 әлем чемпионатына дайындық барысында қабылданды.
«Жаңа президенттің басшылығымен Федерация ағымдағы бастамаларды іске асыруды жалғастырады. Негізгі басымдықтар – елде үстел теннисін жүйелі түрде одан әрі дамыту, спортшылардың сапалы дайындығына қажетті жағдай жасау және Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы позициясын нығайту», – делінген хабарламада.