Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Alash.kz.
“Президент «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымызға қол қойды.Енді 2 апталық курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп атайтындарға заңмен тыйым салынады. Тек диплом және бірыңғай мемлекеттік реестр! Бұл - Мәжілістегі жұмысымның маңызды нәтижелерінің бірі.
Кәсіби мамандар, жеңіс құтты болсын! Тек алға!”,- деп жазды аталмыш заңға бастамашы болған Асхат Аймағамбетов.