Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жеңіс құтты болсын! Заңмен тыйым салынады”: Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

10:18, 03 шілде 2026

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Alash.kz.

Жаңа заңға сәйкес, енді арнайы жоғары білімі жоқ адамдарға өзін «психолог», «психо-коуч», «психо-кеңесші» деп атауға тыйым салынады.
 
“Президент «Психологиялық қызмет туралы» авторлық заңымызға қол қойды.
 
Енді 2 апталық курс оқып, өзін «психолог» немесе «психо-коуч» деп атайтындарға заңмен тыйым салынады. Тек диплом және бірыңғай мемлекеттік реестр! Бұл - Мәжілістегі жұмысымның маңызды нәтижелерінің бірі. 

Кәсіби мамандар, жеңіс құтты болсын! Тек алға!”,- деп жазды аталмыш заңға бастамашы болған Асхат Аймағамбетов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар