Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«МӘМС – мемлекетке жасалған үлкен қастандық» – Ринат Зайытов

15:28, 18 наурыз 2024 665

Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен кездесуде министрліктің жұмыс істеу жүйесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

Мәселен, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдады. Мүгедектігі бар адамдардың әбден әуреленіп, өзінің мүгедек екенін дәлелдеуі, МӘМС жүйесі туралы сұрақ қойды.

«МӘМС – мемлекетке жасалған үлкен қастандық деп ойлаймын. Оның ішінде біріншісі – Президенттің сөзін бұрмалау. Президент жолдауында «міндетті» деген сөзді айтқан жоқ. Онда «ерікті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тәжірибеге енгізуді ұсынамын» деді. Біздікілер «шаш ал десе, бас алады». Ерікті дегенді міндетті қылып жібердік. МӘМС-ті қазір тоқтата алмасақ, мен сізге бір мысал айтып берейін. Аягөзде МӘМС-тің жоқтығынан адам қайтыс болған. Сондықтан жаппай халықты қабылдайтын жүйе ойлап табуларыңызды сұраймын. Айта-айта шаршаған мәселеміз – мүгедектікке шығару. Осыны бір жақты қылыңыздаршы, құдай үшін. Осыны айта-айта шаршадық. Қолы жоқ, аяғы жоқ адам неге 2-3 жыл келіп дәлелдеуі керек. Оның қолы-аяғы өсіп кетпейді ғой. Осыны түсіну қиын емес шығар. Аяқ-қолы жоқ адам неліктен 2-3 рет келіп өзінің мүгедек екенін дәлелдеу керек? Қолы мен аяғы өсіп кетпейді ғой?!», – деді ашынған депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар