Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өте жеңіл жаза! Дәлелсіз қалдырып отыр!” - Оқушы қолынан қаза тапқан әйелдің жақындары ауыр мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

19:11, 06 желтоқсан 2025

Шымкентте 16 жастағы оқушының азғындық әрекеті салдарынан болған 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның ауыр қазасына қатысты шыққан үкімге марқұмның жақындары келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірім жалдамалы пәтерге «үй жинайтын адам керек» деп хабарлама жазған. Хабарламаға жауап ретінде Диана Оңғарбаева үй тазалау қызметін ұсынған. Алайда кездесу кезінде жасөспірім әйелге пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Ауыр жарақат салдарынан Диана Оңғарбаева оқиға орнында қаза тапты.

Сот үкімі бойынша жасөспірім 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен марқұмның туған сіңлісі Айдана Оңғарбаева сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, әділ жазалау талап етіп отыр.

7 жыл - осындай ауыр қылмысқа өте жеңіл жаза! Оны өлтіріп, бір жерінен пышақтамаған ғой. Мақсаты болған - жыныстық қатынасқа түсу. Оны дәлелсіз қалдырып отыр. Өзінің берген жауабы да бар. Мәйітті қорлағанын алып тастап отыр. Ол пакетке салып, мусорға тастағанның өзінде “мәйітті қорлауға” жатады…

…Адам танымастай күйде табылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар