Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіті 21 күн бойы жатқан ” - Атыраудағы адам шошырлық жағдай туралы ел естімеген ақпарат анықталды

12:51, 17 желтоқсан 2025

Атырау қаласының Береке шағын ауданындағы №24 үйден 21 күн бойы жатқан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл қайғылы оқиға тек туысы байланысқа шықпай қалғанын байқап, оны іздеп келген кезде белгілі болды.

Тұрғындар пәтерден шыққан шіріген иісті хлор мен “Белизна” арқылы жоюға тырысқанымен нәтиже болмаған. Отбасын құрып үлгермеген ер адам екінші топтағы мүгедек ретінде мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алған. Туыстары оны басқа қалада жұмыс істеп жүр деп ойлап, бірнеше апта көрмеген.

Қазіргі уақытта ресми органдар оның өліміне қатысты нақты себепті жариялаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар