Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Магистратура-2026: Грант иегерлерінің толық тізімі шықты

16:00, 24 тамыз 2026

Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін осы сілтеме арқылы көре аласыздар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар