Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Партиялар қанша депутаттық мандатқа ие болады? – Орталық сайлау комиссиясы жауап берді

11:39, 24 тамыз 2026

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов Құрылтай депутаттарының мандаты 5 пайыздық межеден асқан партиялар арасында қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

- 5 пайыздан жоғары алған партияларға берілген дауыстар болашақ Құрылтай депутаттарының мандаттарына бөлінеді. Нақты бір партия қанша мандат алатынын қазір айта алмаймыз. Оның бәрі есеп, формула негізінде жасалады. Өткен партиялардың дауыстары, олардың соммасы 145 мандатқа бөлінеді. Ол квота деп аталады. Мәселен, «Әділет» партиясына, «Ауыл» партиясына берілген дауыстар жаңағы квотаға бөлініп шығарылады. Айналып келгенде қай партияға қанша мандат тиесілі екені анықталады, - деп түсіндірді ол.

Шавкат Өтемісов сайлаушылардың 5 пайыз дауысын жинаған партиядан қанша адам нақты депутат болатынын айту әлі екендігін атап өтті.

- Оны есептеу керек. Қазір айтуға келмейді. Себебі қазіргі біздің айтып отырғанымыз алдын ала берілген қорытынды. Қорытындыны ресми түрде 10 күннің ішінде жариялауымыз керек. Сонда ғана нақты қай партия қанша мандатқа ие болатынын айтамыз, - деді комиссия хатшысы.

Ол ресми қорытынды нақты қай күні шығарылатын атамады. 

- Ең маңыздысы - әрбір учаскелік комиссияның мөрмен, комиссия мүшелерінің қолдарымен рәсімделген хаттамасын бізге жеткізу керек. Хаттаманың түпнұсқасын алғаннан кейін кейін бәрін есептеп нақты цифрлар шығарамыз, - деді Шавкат Өтемісов. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар