Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің жоғары халықаралық рейтингтерін растады

12:06, 24 тамыз 2026

Халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен BBB− деңгейінде қайта растады, деп жазады Alash.kz.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Kaspi-дің халықаралық рейтингтік агенттіктен қайтадан осындай жоғары баға алғанын мақтан тұтамыз. Біз үшін ең маңызды бағасүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі. Күн сайын Kaspi-ді таңдағандарыңыз үшін рақмет

Fitch Kaspi-дің бірегей бизнес-моделін атап өтіп, клиенттермен кәсіпкерлер үшін электрондық коммерцияны, төлемдермен қаржы сервистерін біріктіретін мобильді қосымшамызды ерекше атап көрсетеді.

Fitch сондай-ақ капиталдың жоғары деңгейі мен тәуекелдерді тиімді басқаруды атап өтеді.

Бүгінде Kaspi-дің сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық кәсіпкер пайдаланады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар